Дүние жүзi тарихынан қазақ тiлiнде шпаргалкалар.
301. Ежелгі Грекиядағы балаларды он сегіз жастан бастап оқытатын, жан-жақты ғылым, біліммен сусындататын оқу орнының атауы.
Гимнасия.
302. «Илиада» және «Одиссея» поэмаларының авторы:
Гомер.
303. Атақты ғалым Гиппократтың ғылыми еңбектерінің саны.
60-ға жуық.
304. «Тарихтың атасы» атанған ежелгі грек тарихшысы.
Геродот.
305. Ежелгі грек философы Демокриттің әлемде тұңғыш рет жасаған ғылыми тұжырымдамасы.
Атом қозғалысы жайлы.
306. Ежелгі театр отаны.
Грекия.
307. Македония патшасы ІІ Филипптің б.з.д. 356 жылы жүзеге асырған ірі реформасы:
Ақша реформасы.
308. Александр Македонскийдің қайраткерлік жолына түсуіне ықпал еткен, ғылымның көптеген салаларымен сусындатқан грек ойшылы.
Аристотель.
309. Александр Македонискийдің соғыссыз бағындырған мемлекеті:
Египет.
310. Александр Македонский әскерінің Кіші Азияға басып кірген жылы:
Б.з.д. 334 жыл.
311. Б.з.б. 325 ж. Александр Македонский құрған империяның астанасы:
Вавилон.
312. Ежелгі Рим мемлекеті орналасқан Еуропадағы түбек.
Апеннин түбегі.
313. Ежелгі Рим республикасының саяси-басқару сипаты.
Аристократиялық.
314. Римдіктер мен Карфагендіктердің арасындағы соғыстың атауы.
Пуни соғысы.
315. Үшінші пуни соғысында Рим әскерлерінің Карфаген қаласын толықтай жаулап алған жылы.
Б.з.д. 146 жыл.
316. Спартак бастаған құлдар көтерілісі басталған жыл.
Б.з.д. 74 жыл.
317. Ежелгі Рим шешені Цицеронның ғылыми трактаттарының саны.
800-н астам.
318. Ежелгі Римдегі «барлық құдайлардың ғибадатханасы» деп аталатын храмның аты:
Пантеон.
319. Христиан дінінің өрлей түсуіне ықпал жасаған, храмдар салуға рұқсат еткен Рим императоры:
Константин.
320. Мемлекетті дара басқарған Римнің алғашқы императоры:
Октавиан.
321. Рим империясының екіге бөлінген жылы:
395 жыл.
322. Ғұндардың Рим империясына бағытталған жорығын басқарған ғұн көсемі:
Еділ.
323. 455 жылы Рим қаласын жаулап алған еуропалық тайпа:
Вандал.
324. IV ғасырдағы Рим империясының әлсірей бастауының негізгі себептерінің бірі.
Құлдар еңбегінің тиімсіздігі.
325. V ғасырда Рим империясы арқылы Солтүстік Африка жеріне өткен герман тайпасы.
Вандалдар.
326. V ғасырда ғұндардың ығыстыруымен Галлия жеріне барып өзі мемлекетін құрған герман тайпасы.
Франктер.
327. Батыс Рим империясындағы ірі көтеріліс болған, тарихта құл иеленушілік құрылыстың жойылу жылы деп аталған уақыт.
476 жыл.
328. Франктердің қылмыстық заңындағы қылмыскерге қолданылатын негізгі жазаның түрі.
Ақшалай айып төлеу.
329. Франктер империясында жаңа қоғамдық құрылыс – феодализмнің қалыптаса бастауының көрінісі
Карл Мартелдің жерді сыйлыққа үлестіруі.
330. Франктер билеушісі Қортық Пипин билікке жету жолында арқа сүйеді:
Рим папасына.
331. Франктер билеушісі Пипиннің Рим папасына берген сыйлығының «жұрнағы» болып табылады:
Ватикан.
332. 768-814 жылдар аралығында франктер империясында билік жүргізген атақты король.
Ұлы Карл.
333. Ұлы Карлдің Франк империясының ыдырауы нәтижесінде пайда болған мемлекеттер:
Франция, Германия, Италия.
334. Ұлы Карл империясы кезінде кітап жазу үшін пайдаланған зат:
Пергамент.
335. Рим имериясының ресми түрде Шығыс және Батыс империя болып екіге бөлінген жылы:
395 жыл.
336. Шығыс Рим империясының тарихтағы атауы:
Византия империясы.
337. 552-537 жылдары Византия имераторы Юстинианның Константинопольде салдырған храмы:
Әулие София храмы.
338. Ерте орта ғасырдағы Еуропадағы «Азаматтық құқықтар жинағы» атты заңдық құжат:
Византиялық заң.
339. VII ғасырдың 70-жылдарында Византияның солтүстік-шығысында құрылған алғашқы славян мемлекеті.
Болгария патшалығы.
340. Мұхаммед пайғамбардың өмір сүрген жылдары.
570-632 жылдар.
341. Ислам діні жолында Мекке қаласында өзіне қолдау таппаған Мұхаммед пайғамбардың барып паналаған араб қаласы.
Медине.
342. Мұхаммед пайғамбардың құрған араб мемлекеті:
Араб халифаты деп аталды.
343. VIII ғасырда арабтар жаулап алған Еуропадағы ел.
Испания.
344. Араб халифатының құрамынан бөлініп шыққан Еуропадағы ірі халифат.
Кордова халифаты.
345. Араб халқының көпшілік бөлігі ислам дііні қабылдаған жыл.
630 жыл.
346. Аса ірі кітапханасы бар Араб халифатының ірі қаласы.
Бағдад.
347. Ислам діні негізінде арабтар бейнелеу өнерінде тыйым салды:
Адам және жануар кейпін бейнелеуге.
348. Еуропалықтар XVIII ғасырға дейін пайдаланған Ибн Синаның ғылыми еңбектері.
Медицина жөнінде.
349. Отыз томдық «Замана тарихы» атты тарихи-географиялық энциклопедияның авторы, ортағасырлық араб тарихшысы.
әл-Масуди.
350. V-VII ғасырлар аралығында қазіргі Орта Азия, Ауғанстан, Солтүстік-Батыс Үндістан және Шығыс Түркістан жерлерінде өмір сүрген ірі тайпалық бірлестік.
Эфталит тайпалық бірлестігі.
351. V ғасырда эфталит тайпалары өз мемлекетін құрған аймақ:
Ауғанстанда.
352. Эфталит мемлекетінің астанасы болған қала:
Бадиян.
353. Эфталит дәуірінен сақталған жазба деректердің көпшілігі мына тілде жазылды:
Шығыс Иран тілі.
354. Эфталиттердің жергілікті тайпалармен бірігуі нәтижесінде пайда болған халық:
Ауғандар.
355. Эфталиттердің ежелгі мәдениет ескерткіштерінің орталығы болған қала:
Герат.
356. Эфталит мемлекетінің құлауына себеп болған мемлекеттер:
Түрік қағанаты мен Иран.
357. Батыс славяндардың құрамына кіретін тайпалар:
Поляктар, чехтар, словактар.
358. ІХ ғасырда құрылған тұңғыш Батыс славян мемлекеті:
Ұлы Морав мемлекеті.
359. 681 жылы Балкан түбегінде Аспарух ханның басшылығымен құрылған славян мемлекеті.
Болгар мемлекеті.
360. ХІ ғасырда жаңадан құрылған Орыс мемлекетінің гүлденіп, дамуына жағдай жасаған ұлы кінәз.
Ярослав Мудрый.
361. 988 жылы Киев Русінде болған маңызды тарихи оқиға.
Христиан дінін қабылдауы.
362. Киев Русінің славян алфавиті – кириллицаны қабылдаған ғасыры:
IX ғ.
363. 1185 жылы жазылған Киев Русінің әдеби мұрасы болып табылатын тарихи шығарма:
«Игорь жорығы туралы жыр».
364. Ерте орта ғасырда феодалдардың жерінде ерікті шаруалардың еңбегіне негізделген шаруашылық:
Поместье.
365. Феодалдардың атақ-лауазымы бойынша топқа бөліну ерекшелігі:
Феодалдық саты.
366. Әскери іспен айналысатын феодалдар:
Рыцарлар.
367. «Барщина» дегеніміз:
Еңбекпен өтеу.
368. 1302 жылы Францияда құрылған өкілетті биліктің ресми атауы.
Бас штаттар.
369. Орта ғасырдағы Франция королінің иелігі:
Домен.
370. XIV ғасырдағы Англия мен Франция арасында болған жүз жылдық соғыс өткен жылдар.
1337-1453 жылдар.
371. 1358 ж. Жакерия көтерілісінде шаруалар отрядының басшысы:
Гильом Каль.
372. Жүзжылдық соғыста Пуатье қаласының түбінде француз армиясының ағылшындардан жеңілген жылы:
1356 жыл.
373. Францияда сословиелік монархия - орталықтанған мемлекеттің пайда болған уақыты.
XV ғасырдың аяғы.
374. 1429 жылы Жанна д Арктың ағылшындардан азат еткен француз қаласы.
Орлеан.
375. Ағылшын шіркеу сотының Жанна д' Аркке таққан айыбы:
Сиқырлық жасады.
376. 1453 жылғы жүзжылдық соғыста француздардың пайдасына шешілген шайқас:
Бордо шайқасы.
377. Францияны біріктіру аяқталды:
ХІ Людовиктің тұсында.
378. ХІ ғасырда Британ аралдарын жаулап алған Нормандия герцогі.
Вильгельм.
379. Англияда әскери қызмет атқарғысы келмеген феодалдарға ІІ Генрихтың енгізген салығы.
Қалқандық ақша.
380. Англиядағы алқызыл раушандар мен ақ раушандар соғысы өткен жылдар.
1455-1485 жылдар.
381. XIV ғасырдағы Англия парламентіндегі екі палата.
Лордтар, қауымдар палатасы.
382. ХІІІ ғасырда құрылған Англия парламентінің лордтар палатасына сайланбаған феодалдар тобы:
Рыцарьлар.
383. Х-ХІ ғасырларда «Қасиетті Рим империясы» деп аталған корольдік:
Германия корольдігі.
384. 1237 жылы Герман рыцарьлары құрған одақ.
Тевтон ордені.
385. Х-ХІ ғасырларда Германияда қалалардың пайда болып, өсе бастауына ықпал еткен еңбек бөлінісі.
Қолөнердің ауылшаруашылығынан бөлінуі.
386. XV аяғы – XVI ғасырдың бас кезінде Германияда ықпалы күшейген шіркеу.
Католиктік.
387. Орта ғасырдағы Испаниядағы реконкиста – ол:
Арабтарға қарсы күрес.
388. 726 жылы Испания жерінде арабтар құрған әмірлік:
Кордова әмірлігі.
389. Орта ғасырларда арабтардан азат етілген Пиреней түбегінде құрылған корольдіктер:
Испания және Португалия корольдігі.
390. 1492 жылы Пиреней түбегінен қуылған халықтар:
Еврейлер.
391. Ортағасырлардағы Италия жерінде тәуелсіздікке қол жеткізген қала-мемлекеттердің ішіндегі ең қуаттысы.
Венеция.
392. XVI ғасырда Венеция қала-мемлекетінің саяси-экономикалық жағынан құлдырауына себеп болған соғыс.
Түріктермен болған соғыс.
393. XIV ғасырда дүние жүзіндегі тұңғыш мануфактура ашылған Италияның ірі қаласы.
Флоренция.
394. Орта ғасырда Еуропадан Шығысқа баратын ірі сауда жолдарына иелік етті:
Венеция, Генуя көпестері.
395. Еуропада тұңғыш жоғары мектептер – университеттер пайда болды:
ХІІ ғасырда.
396. Орта ғасырларда Еуропадағы құрылған алғашқы университеттерде оқу ... тілінде жүргізілді.
Латын тілі.
397. Орта ғасырда Италияда жұмыс істеген белгілі университет.
Болонье университеті.
398. ХІІ ғасырда Францияда жазылып, халықтың арасына кең тараған рыцарлық дастан.
«Роланд туралы жыр».
399. ХІ-ХІІ ғасырларда Еуропада құрылыс салуда кеңінен қолданылған Ежелгі Рим сәулет өнерінің үлгісі.
Романдық.
400. Дамыған орта ғасырларда Еуропадағы бейнелеу өнерінің аса зор жетістігін көрсетіңіз.
Кітап миниатюрасы.