#185, #Тарих_ЕНТ
Ежелгі Шығыс елдері. Антикалық өркениет.
Ежелгі Египет. 4-бөлім
①.Египетте жазу жазылған папирус ленталардың ұзындығы:
•/45 метр/
②.Египет дәрігерлері хирургияда пайдаланған құралдар жасалды:
•/Қоладан/
③.Ежелгі Египет құдайлары:
•/Хапи, Амон-Ра, Тот/
④.Фивы храмының бөлмелеріндегі мүсіндер саны:
•/200-ден астам/
⑤.Египет перғуыны Аменхотеп IV байланысты мәлімет(-тер):
•/б.з.б. 1368-1351жж. аралығында басқарған, ол өзін Эхнатон деп атаған, Ахетатон қаласын салдырды/
⑥.II Рамзес перғауынның хеттерді талқандап, жаулап алған жерлері:
•/Палестина мен Сирияның оңтүстігі/
⑦.Египет мектептерінде мұғалімдік қызметті атқарушы:
•/Абыз/
⑧.Ежелгі египеттіктердің тас құдайы:
•/Бен-бен/
⑨.Египеттегі «әлемнің жеті кереметінің» бірі:
•/Пирамида/
⑩.Б.з.б. 1368-1351 жылдары Египетті басқарған перғауын:
•/Аменхотеп IV/
⑪.Египет тұрғындарының әр түрлі еңбегі нәтижесінде пайда болған ғылым:
•/Арифметика/
⑫.Египет кедейлерінің ауыр тұрмысын көрсететін шығарма:
•/«Астық тасушының әні»/
⑬.Ежелгі египеттіктердің ең басты құдайы:
•/Күн құдайы/
⑭.Мәтінде сипатталған храмды анықтаңыз: «храмды әлемнің әртүрлі жерінен келген ең таңдаулы шеберлер салған. Храмның кіреберіс жерінде перғауындар мен сфинкстердің мүсіндері қатар-қатар қойылған. Храм ішіндегі бөлмелерде 200-ден астам мүсіндер бар. Мұнда 80 мыңдай құл еңбек еткен»:
•/Фивы храмы/
⑮.Есімі «Атонға ұнаған» деген мағынаны білдіретін перғауын:
•/Эхнатон/
⑯.Египетте математиканың шығуына әсер етті:
•/Күнделікті тұрмыстағы тіршіліктер/
⑰.«Астық тасушының әнінде» жазылды:
•/Кедейлердің ауыр тұрмысы мен зар-мұңын білдіретін әндер, мақал-мәтелдер/
⑱.Ежелгі египеттіктер құдайлардың патшасы деп есептеді:
•/Күн кұдайы/
⑲.Ежелгі Египеттегі перғауындардың мазарлары:
•/Пирамида/
⑳.Өлгеннен кейін ежелгі Египетте діни реформаларына тыйым салынған перғауын:
•/Эхнатон/
㉑.Египеттіктер аспан әлемі жөніндегі білімдері негізінде жасады:
•/Күнгізбе/
㉒.Египеттіктердің құдайларды бейнелеуі:
•/Жануар басты адам/
㉓.Ежелгі Египеттіктер ерекше табынды:
•/Күн мен Жерге/
㉔.Египетте пирамидалар тұрғызылған аймақ:
•/Гиза/
㉕.Египет патшайымы Хатшепсут жаулаушылық жорықтар жасады:
•/Африканың шығысына/
㉖.Египетте ең жоғары дәрежеде дамыған ғылымдардың бірі:
•/Геометрия/
㉗.Египетте ең алғашқы діни сенімдер осы құдайға сыйынудан басталған:
•/Ра/
㉘.Ежелгі египеттіктердің ақыл құдайы:
•/Тот/
㉙.Египетте бірінші пирамида арнап салынды:
•/Жосерге/
㉚.Эхнатон перғауын салғызған Ахетатон қаласының қазіргі атауы:
•/Эль-Амарна/
㉛.Египеттіктер ойлап тапқан жаңалықтардың бірі:
•/Күн сағаты/
㉜.Египеттіктердің күн құдайы:
•/Амон-Ра/
㉝.Ежелгі Египетте Ніл өзенін бейнелейтін құдай:
•/Хапи/
㉞.Хеопс пирамидасы туралы жазған:
•/Геродот/
㉟.Б.з.б. 1525-1491 жылдары Египетті басқарған перғауын:
•/Тутмос III/
㊱.Египеттіктер күнделікті өмірде пайдаланған сағат:
•/Су сағаты/
㊱.Біздің топқа тіркел: https://vk.com/official_globus
㊲.Египеттіктер адамдарға оқуды, жазуды үйреткен деп айырықша кұрметтеген кұдай:
•/Тот/
㊳.Ежелгі Египеттегі ірі храмдар:
•/Фивы, Мемфис, Гелиополь/
㊴.Хеопс пирамидасының салынған уақыты:
•/б.з.б. 2600жж./
㊵.Өзін Эхнатон деп атаған перғауын:
•/Аменхотеп IV/
㊶.Египеттіктердің есебінше бір жылдағы күн саны:
•/365 күн/
㊷.Ежелгі Египеттің әдеби шығармасы:
•/«Осирис пен Исида туралы миф»/
㊸.Ежелгі Египеттегі ең даңқты храм:
•/Фивы/
㊹.Ежелгі Египеттегі ең биік пирамида:
•/Хеопс/
㊺.Б.з.б. 14ғ. соңы- ІЗғ. орт. билік еткен перғауын:
•/Рамзес II/
㊻.Египет мұражайында сақталған құралдар:
•/Медициналық құралдар/
㊼.Ежелгі Египеттегі саяхатты сапарлар мен шытырман оқиғаларға толы шығарма:
•/«Синухет әңгімесі»/
㊽.Фивы қаласындағы бас храмда еңбек еткен құл caны:
•/80 мыңдай/
㊾.Хеопс пирамидасының биіктігі:
•/150 метр/
㊿.II Рамзес хеттерге осы қаланың түбінде ойсырата соққы берді:
•/Кадеш/
📢 Репост жасап, Стенаңа сақтап қой!
3-ші бөлімі 👉 https://vk.cc/7xtxKC