ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ 1706-1720 нұсқаларында кездескен ТАРИХтан тест тапсырмалары жауаптарымен (группа ұранымен бірге жаттаңдар 👇)
2-бөлім 75 репосттен кейін
1-БӨЛІМ
1. Қазақстан аумағында алғашқы адамдар шамамен пайда болды:
A) 5 миллион жылдай бұрын
B) 2 миллион жылдай бұрын
C) 3 миллион жылдай бұрын
D) 1 миллион жылдай бұрын
E) 4 миллион жылдай бұрын
Жауабы : D
2. Иран жазбаларындағы «сақ» сөзінің мағынасы:
А) Құдіретті еркектер
В) Азиялық скифтер
С) Еркін адамдар
D) Көшпелілер
Е) Жүйрік атты турлар
Жауабы: Е
3. Қимақ қағанатының құрамына кірген тайпалардың ең ірісі:
A) Аварлар
B) Оғыздар
C) Үйсіндер
D) Түргештер
E) Қыпшақтар
Жауабы: Е
4. Мұхаммед Хайдар Дулатидің дерегі бойынша Қазақ хандығының құрылған жылдары:
A) 1469-1475 жж.
B) 1465-1466 жж.
C) 1511-1518 жж.
D) 1470-1475 жж.
E) 1400-1405 жж.
Жауабы: В
5. Үшір салығының мағынасы:
A) жер көлеміне байланысты егіншілерден алынатын салық
B) мұқтаж адамдар үшін мешіт жинайтын салық
C) балықшылардан алынатын салық
D) еңбекке жарамды адамдар табысынан алынатын салық
E) еңбек құралын пайдаланғаны үшін алынатын салық
Жауабы: D
6. Қазақтанда кеңестер өзін-өзі тарата бастады:
A) 1995 жылы
B) 1993 жылы
C) 1989 жылы
D) 1990 жылы
E) 1998 жылы
Жауабы: В
7. Отырар келбетi (ХVI–ХVII ғ.)
Отырарды кең ауқымды қазу жұмысы 1971 жылы басталды. Қазу барысында iрi археологиялық объектiнi iрi горизонтальдық алаңдар арқылы зерттеу әдiсi қолданылып келедi...
... ХVI–ХVIII ғасырлардағы Отырар – дамыған қала. Онда iшкi және сыртқы рыноктарды да тауармен қамтамасыз етуi мүмкiн қышшылар кварталы, жолаушы-жүргiншiлердi дәмнен тарықтырмайтын нан пiсiрушiлер мен әр түрлi шеберханалар жұмыс iстейдi. Қолдағы осы мәлiметтер орта ғасырдың аяқ тұсындағы қала өмiрiн едәуiр толық сипаттайды.
Мәтіндегі Отырар қаласы туралы зеттеу жұмысының авторы:
A) А.Черкасов
B) А. Бернштам
C) К.Байпақов
D) А.Кларе
E) К.Ақышев
Жауабы: Е
8. Жиембет жырау Бiртоғашұлы ХVI ғасырдың соңғы ширегi, ХVII ғасырдың алғашқы жартысында өмiр сүредi. Алшын руын ежелден билеген iрi феодалдар тұқымынан шыққан Жиембет Кiшi жүздегi ел басқарушы биi, әскербасы батыры қызметiн атқарады, ерлiгiмен, iскерлiгiмен танылады. Жиембет 1620 жылы ойраттармен арада шыққан соғыста қазақтардың жауды ойсырата жеңуiне мұрындық болады.
1627 жылы Қазақ Ордасы құрамынан бөлiнiп, өз алдына тәуелсiз хандық құрғысы келген Ташкент ханы Тұрсынның көтерiлiсiн басу кезiнде де Жиембет елеулi рөл атқарады. Алайда ол көп ұзамай-ақ орталық үкiметке сөз жүзiнде ғана бағынып, Кiшi жүзде дербес билiк құра бастаған Жиембеттiң өзi де ханның қањарына шалынады.. Жырау ойраттармен шекара шығыс бетке айдалады. Бiр деректерге қарағанда, Жиембет сол айдауда өледi, ендi бiр деректердiң айтуынша, жырау 1643 жылы туған жерiне қайтып оралады. Бес ғасыр жырлайды. А., 1984, 58–59-б.
Мәтіндегі деректен Жиембет жыраудың қай ханға қызмет еткенін анықта:
A) Тәуекел хан
B) Хақназар хан
C) Есім хан
D) Қасым хан
E) Тәуке хан
Жауабы: С
9. 1236 жылы Батыс едеріне жорықты бастаған мемлекет билеушісі:
A) Шайбани
B) Бату
C) Шыңғыс хан
D) Орда-Ежен
E) Жошы
Жауабы: В
10. Ежелгі Римде өткізілген басты ойын-сауықтардың бірі:
A) садақ ату
B) бұқалар жарысы
C) жаяу жарыс
D) суға жүзу
E) гладиаторлар сайысы
Жауабы: Е
11. Иранда ХVІІІ ғасырдың соңынан бастап билік құрған әулет:
A) Цинь
B) Пехлеви
C) Каджар
D) Сулеймен
E) Сефевид
Жауабы: С
12. Майкл Фарадейді 1831 жылы ашқан жаңалығына байланысты заманастары атады:
A) «Ұлы ойшыл»
B) «Ұлы ағартушы»
C) «Найзағай әміршісі»
D) «Мазурка королі»
E) «Ғұлама замандас»
Жауабы: С
13. ХІХ ғасырдың ортасында Жапонияны күштеп ашқан:
A) америкалықтар
B) орыстар
C) испандықтар
D) голландықтар
E) немістер
Жауабы: А
14. 1924 жылы республика болып жарияланған Азиядағы мемлекет:
A) Камбоджа
B) Монғолия
C) Вьетнам
D) Тибет
E) Қытай
Жауабы: В
15. «Қазiргi кезеңдегi халықаралық жағдайдың аса қауiптiлiгi менiң Конгрестiң бiрiккен мәжiлiсiнде сөз сөйлеуiмдi қажет еттi. Әңгiме АҚШ-тың сыртқы саясаты мен ұлттық қауiпсiздiгi туралы болмақшы. Бүгiн мен сiздердiң талқылауларыңызға қалыптасқан жағдайдың бiр пұшпағы — Грекия мен Түркияға байланысты мәселелердi ұсынбақшымын. Құрама Штаттарға Грекия үкiметiнiң _____ және ______ көмек көрсетудi сұраған өтiнiшi келiп түстi... ____ және ____ көмек Грекияға бұрын да көрсетiлген болатын, бiрақ ол жеткiлiксiз... Бiз бұл қиын жағдайда БҰҰ тарапынан көмек мәселесiн де қарастырдық. Бiрақ жағдай шұғыл шараларды қолдануды талап етедi, ал БҰҰ мен оның ұйымдары Грекияға қажет көмектi көрсете алатындай жағдайда емес... Бiз Грекияның көршiсi — Түркияны да назарымыздан тыс қалдыра алмаймыз... Түркияның қазiргi жағдайы, әрине, Грекиядағыдан өзгеше... Түркия да қазiр бiздiң көмегiмiзге мұқтаж... Егер бiз осы сағаттарда Грекия мен Түркияға көмекке келмесек, оның салдары Шығыста да, Батыста да қандай болатындығын анық болжау қиын. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, мен Конгрестен 1948 жылды ң 30 маусымына дейiн Грекия мен Түркияға 400 000 000 доллар мөлшерiнде көмек көрсетуге өкiлдiк берудi өтiнемiн. Қаржылай көмек көрсетуден басқа мен Конгрестен Грекия мен Түркияға Американың азаматтық және әскери адамдарын жiберуге рұқсат сұраймын».
A) мәдени және рухани
B) қаражат және экономикалық
C) мәдени және сауда-саттық
D) рухани және әкімшілік
E) әкімшілік және азаматтық
Жауабы: В
16. Сақ тайпалары туралы деректер кездесетін ел(-дер):
A) Грек
B) Парсы
C) Рим
D) Қытай
E) Кушания
F) Ассирия
G) Византия
H) Мидия
Жауабы: А,В,С
17. Түргештердің орталығы болған қала(-лар):
A) Тараз
B) Турфан
C) Аққорған
D) Суяб
E) Баласағұн
F) Шаш
G) Күнгіт
H) сауран
Жауабы: А, D, G
18. Жоңғар шапқыншылығына қарсы шайқасқа белсене қатысқан батыр (-лар):
A) Бөгенбай
B) Иман
C) Баян
D) Қабанбай
E) Исатай
F) Жанқожа
G) Махамбет
H) Ағыбай
Жауабы: А,С, D
19. 1940-1950 жж саяси айыптауға ұшырап, Қазақстанды тастап кетуге мәжбүр болды:
A) Б.Майлин
B) І.Жансігуров
C) М.Әуезов
D) Б.Сүлейменов
E) А.Жұбанов
F) Ю.Домбровский
G) Қ. Жұмалиев
H) Қ.Сәтбаев
Жауабы: C, F, H
20. 1950 жылдары тері илейтін зауыттар салынған қала(-лар):
A) Павлодар
B) Өскемен
C) Орал
D) Шымкент
E) Жамбыл
F) Теміртау
G) Қарағанды
H) Қостанай
Жауабы: А, Е
21. Ежелгі Грекиядағы төменгі еркін халық деп атаған:
A) полис
B) демос
C) агора
D) патриции
E) пантеон
F) дорий
G) илот
H) консул
Жауабы: В
22. О.Кромвельдің өмірлік лорд-протекторы болып тағайындалған ел(-і, -дері):
A) Шотландия
B) Нидерланды
C) Ирландия
D) Италия
E) Англия
F) Германия
G) Франция
H) Испания
Жауабы: А, С,Е
23. XVII-XVIII ғасырларда Ресей аумағын екі есе дерлік ұлғайтқан жағдай:
A) Қара теңізді қосып алуы
B) Кавказды қосып алуы
C) Сібірді отарлауы
D) Орта Азияны жаулап алуы
E) Балтық жағалауын жаулап алуы
Жауабы: С
24. Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы мен Монғол Халық Республикасының үкіметтері осы хаттамаға қол қойды
1-бап. КСРО немесе Монғол Халық Республикасының аумағына үшінші бір мемлекеттің тарапынан шабуыл жасау қаупі төнсе, КСРО мен МХР үкіметтері қалыптасқан жағдайды тез арада бірігіп талқылауға және өз аумағын қауіпсіздендіруге қажетті шаралардың барлығын қолдануға міндеттенеді.
2-бап. КСРО және МХР үкіметтері келісуші жақтардың біреуіне әскери шабуыл жасалған жағдайда бір-біріне кез келген,соның ішінде әскери көмек көрсетуге міндеттенеді.
Мәтінде көрсетілген келісімге байланысты жағдайды көрсетіңіз:
A) Гоминдан тарапынан қауіп
B) Қытай тарапынан қауіп
C) Ішкі талас-тартыстың күшеюі
D) Германия тарапынан қауіп
E) Жапония тарапынан қауіп
Жауабы: Е
25. 1878 жылы қабылданған Берлин трактаты негізінде тәуелсіздігі бекітілген елдер:
A) Болгария
B) Украина
C) Румыния
D) Хорватия
E) Венгрия
F) Сербия
G) Герцоговина
H) Польша
Жауабы: С, F