ҰБТ 2019-2020 СҰАРАҚТАРЫ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ САҚТАП АЛ! ❶. Әбілқайыр хан болып сайланған жыл: +1428 ж. ❷. Айқап журналының бас редакторы +Мұхамеджан Сералин ❸. Қазақстанда ұзақ кәсіпорындарды жеке адамдарға жалға беруге рұқсат берген саясат: +«Жаңа экономикалық саясат» ❹. Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанда ашылған оқу орны: +Қазақ мемлекеттік қыздар институты ❺.Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандық партизандардың жалпы саны шамамен: +3,5 мың адам ❻. Тәуелсіз Қазақстанның Елтаңбасы мен Туының жаңа үлгілері қабылданды +1992 жылдың маусымында ❼. Айқап журналын шығаруға белсене қатысқан қазақ зиялылары: + Ж. Сейдалин, С. Торайғыров, Б. Қаратаев ❽. Ғалымдардың болжауынша Түгіскен, Ұйғарақ тұрақтарын мекендеген тайпа +Массагеттер ❾. Қазақстанда Ф.Голощекин жүргізген саясаттың зардаптарының бірі + Халықтың саны азайды ❿. Ақ Орданы билеген Ұрыс хан 1368-1369 жылдары ***өз атынан Сығанақ қаласында теңге соқтырады ⓫. Ғұн басшысы Мөденің мұрагері: +Лаушан ⓬. Әбілқайыр хандығының оңтүстіктегі шекарасы жеткен жер: +Арал теңізі мен Сырдарияның төменгі ағысы ⓭. 1. Жетісу облысының 1916 жылы облыста болған толқулар кезінде зардап шеккен орыс халқына шаруашылығын қалпына келтіру үшін әрбір күйзелген үйге қазынадан қайтармайтын етіп бес жүз сомнан және оның үстіне, өрт салдарынан тұрғын үйлері мен қора-қопсыларынан айрылған әрбір үйге бес жүз сомнан жәрдемақы алуға құқық берілсін. 2. Қытай жерінен қайтып келген Жетісу қырғыздарына әр шаңыраққа жүз сомнан қайтарылмайтын жәрдем берілсін. 3.1 және 2-бөлімдерде аталған жәрдемдерді беру Түркістан комитетіне жүктелсін. 4.Жетісу облысының зардап шеккен орыс халқына Түркістан комитетінің ұсынуымен Уақытша үкімет белгілеген мөлшер мен негізде қазына қаржысынан нақ сол қажеттер үшін қайтарылмайтын несие алуға құқық берілсін. 5. Түркістан комитетіне Жетісу облысының орыс халқына келтірілген зиянды жергілікті жерде жан-жақты тексеріп, 4-бөлімде аталған қажеттері үшін керекті несие мөлшерін белгілеу және сол бойынша үкіметке өз пікірлерін табыс ету тапсырылсын. 6. Мемлекеттік қазына қаржысынан Түркістан комитетінің қарамағына 1және 2-бөлімдерде аталған шараларды жүзеге асыруда туындайтын шығындар үшін 1906 жылғы 8 наурыздағы бюджет ережелерінің 18-бабы негізінде (Заңдар жинағы, I том, 2-бөлім, 1906 жылғы басылым) 11 млн 150 мың сомнан аспайтын мөлшерде сметадан тыс төтенше несие берілсін. Мәтінде сипатталған тарихи оқиғаның орын алған уақытын анықтаңыз: +1917 жыл ⓮. Адамға табын, Жер енді!» поэмасының авторы: ** О.Сүлейменов ⓯. Қазақстанда фермерлік шаруашылықты құру мен дамытуға талпынған тұлға + И.Худенко ⓰. Ресей Ғылым академиясының корреспендент-мүшесі, «Орынбор тарихы» еңбегінің авторы: +П.И.Рычков ⓱. Ресей императоры II Александрды ұлықтау рәсіміне қатысқан, сазгер күйші: +Тәттімбет Қазанғапұлы ⓲. 1128-1213 жылдары Жетісу аймағында өмір сүрген мемлекеттік бірлестік: +Қарақытай ⓳. X-XII ғасырларға жататын Орталық Қазақстан өңірінде орналасқан ортағасырлық қала: +Басқамыр ⓴. Авторлары шығармаларымен сәйкестендіріңіз: 1. Ғ. Мүсірепов, 2. Қ. Қожамьяров, 4. М. Төлебаев, 5. Е. Бекмаханов А. «Қазақ КСР тарихы», Ә. «Оянған өлке», Б. «Біржан-Сара», В. «Жамал», Г. «Назугум» +1-Ә, 2-В, 3-Г, 4-Б, 5-А ㉑. Ғұн мемлекетіндегі шаныойден кейінгі басты тұлға: ** Түменбасы ㉒. Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағыты жарияланған мерзім: +XX ғ. 20 жылдарының аяғы ㉓. Тәуекел ханның Мәскеуге елші аттандырудағы басты мақсаты: +Тұтқындағы Ораз-Мұхаммедті босату ㉔. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) құрылды: **1991 жылы 21 желтоқсанда Алматыда ㉕. Оның бүкіл шығармашылығы өз халқын өнер-білімге баулуға бағытталды. Ол қазақ қоғамының ой-өрісі терең, зиялы бөлігінің өкілі еді. ... Ол мәдениеттің көтерілуін жалпыға бірдей ағарту жұмысын жүргізу мен жалпы адамзат мәдениетінің жетістіктерін меңгеру арқылы жүзеге асыруға болатынын терең түсінді. Қазақ тілінің табиғатын зерттей отырып, ол тілтану жөнінде мақалалар мен оқулықтар, кейінірек ғылыми жұмыстарын жазды. Қазақ тілі туралы мақалаларында тілдің тазалығын сақтау, оны әр түрлі шұбарланудан тазартуды жақтады. Оны қазақ тілтану ғылымының негізін салушы деуге болады. Ол оқырманды халықтың бай рухани мұрасымен таныстыра отырып, оны білім жарығына, рухани жағынан кемелденуге шақырды. Халық ағарту, әдебиет пен тілтану мәселелеріне арналған көптеген мақалаларын жариялады». Мәтінде сипатталған тұлғаны анықтаңыз: **А. Байтұрсынов ㉖. 1203 жылы Керейіт хандығында орын алған тарихи оқиға: +Шыңғысхан керейіттерді өзіне бағындырды ㉗. Авторлармен еңбектерін дұрыс сәйкестендіріңіз:1. Құрманғазы Сағырбайұлы; 2. Тәттімбет Қазанғапұлы; 3. Дәулеткерей Шығайұлы; 4. Біржан Қожағұлұлы; 5. Жаяу Мұса Байжанұлы.А. «Бес төре»; Ә «Адай»; Б «Желдірме»; В «Ақтентек»; Г. «Бозторғай» ** 1-Ә; 2-А; 3-Б; 4-В; 5-Г ㉘. Он сегіз жасында корнет шенімен Сібір кадет корпусын бітірген қазақтың ұлы ғалымы: +Шоқан Уәлиханов ㉙. Әбілқайыр... Сығанақ қаласы түбінде Үз-Темір тайшы бастаған ойраттармен соғыста жеңіліп қалады. Хан бұл аймақты тастап, Дешті-Қыпшақ жеріне кетуге мәжбүр болған. Әбілқайыр хан өзінің жеңілісін ішкі бақталастық пен қайшылықтардың шиеленісуінен көріп, мемлекеттің күш-қуатын арттыруды қарастырады. Өзі күмәнданған шонжарларды жазалап, қатаң заң орнатуға тырысады. Өзіне бағынбай, Жетісу аймағына Моғол хандығының жеріне ауып кеткен Жәнібек пен Керей сұлтандарды жазалауды ойластырады. Осы оймен 1468 жылы Моғол хандығына қарсы жорыққа шығады. Жорық кезінде Әбілқайыр хан Алматы маңындағы Аққыстау деген жерде қайтыс болады. Жорық нәтижесіз аяқталып, хандық мүлде әлсірейді. Қазақ хандығының құрылуымен Әбілқайыр ұрпақтары Шығыс Дешті Қыпшақ жерінде билік жүргізу құқығынан айырылады. Әбілқайыр ханның қалмақтардан жеңілуінің басты себебі оның мемлекетінің ішкі әлсіздігінде жатыр. Әулет арасындағы толассыз қырқыстар мен алауыздықтар, ақсүйектердің оқшаулануы, феодалдық жоғарғы топтар мен көшпелі және жартылай көшпелі бұқара арасындағы қайшылықтардың шиеленісуі, ішкі және сыртқы соғыстар мемлекеттің шаңырағын шайқалтып, күйрету дәрежесіне жеткізді». Мәтінде сипатталған оқиғаның уақытын анықтаңыз: +XV ғасырдың ІІ жартысы ㉛. Ғұндар кезеңі қамтылатын аралық **4-3 ㉜. Абылайдың жоңғар тұтқынында болған жылдар: +1741-1743 ж.ж. ㉝. 1207-1209 жылдары ІІІыңғыс хан жаулап алды: +Тұрфан кінәздіктерін, ұйғырларды ㉞. Әл-Бирунидің шығармасы:+«Асыл тастар» ㉟. Ол 1924 жылы 25 мамырда Ақмола (Целининград) облысының Алексеев ауданында дүниеге келді....1945 жылы 14 қаңтарда оның ротасы шабуыл жала келе ............................... «Алтын жұлдыз» медалі қоса тапсырылды» Мәтінде баяндалған қазақ батырын анықтаңыз +Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов ㊱. Дамыған орта ғасырға жататын мемлекеттер: ** Қыпшақ, Қарақытай ㊲. Оқиғалардың хронологиялық ретін анықтаңыз:1.С.Датұлы бастаған көтеріліс; 2. Е.Пугачев бастаған көтеріліс; 3.К.Қасымұлы бастаған көтеріліс; 4. И.Тайманұлы бастаған көтеріліс; 5.Ж.Тіленшіұлы бастаған көтеріліс +2,1,5,4,3 ㊳. 1236-1242 жылдары аралығындағы басқыншылық жорық: +Батый ханның батысқа жорығы ㊴. VI ғасырдың ортасында Қазақстан жерінде орын алған саяси жағдай +Түрік қағанаты құрылды ㊵. Әмір Темірдің Орта Азияда билік құрған уақыты +1370-1405 жж. ㊶. Абайдың саяси көзқарасын қалыптасуына ықпал тигізді ***Михаэлис ㊷. 1290 жылы Алтын Ордада билікке келген хан +Менгу-Темірдің ұлы ㊸. Киіз үйдің ағаш қаңқасы тұрады + үш бөліктен ㊹. Абай Құнанбаевтың саяси көзқарасының қалыптасуына ықпал еткен тұлғалардың бірі: +Е.Михаэлис ㊺. Керей мен Жәнібек хандардың Қазақ хандығындағы орны: +Қазақ хандығының негізін салушы ㊻. Ғұндар туралы мәлімет қалдырғандар +Прииск , Марцеллин ㊼. 13 қола жебе, қорамсақ жұрнағы табылған оба: ** Шілікті ㊽. Кеңестік биліктің 1921 жылы наурыз айында енгізген экономикалық саясаты: ** Жаңа экономикалық саясат ㊾. А. Македонскийдің сақ жеріне шабуылдаған уақыты: +Б.з.б. 4 ғасырдың 30-жылдары ㊿. VII ғасырдың басында Түрік қағанатында қалыптасқан жағдай +Түрік қағанаты ыдырады

Теги других блогов: Қазақстан тарихы ҰБТ СҰАРАҚТАР