ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ
ҰБТ СҰРАҚТАРЫ
Жоғалтып алмас үшін, сақтап қой!
1-БӨЛІМ
① Омбы бекінісі салынды: 1716 жылы.
② Павлодар бекінісі салынды: 1720 жылы.
③ Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресін ұйымдастыруда ерекше көзге түскен мемлекеттік қайраткер: Әбілқайыр.
④ Севан-Рабданның қазақ жеріне жасаған шабуылы сәтсікпен аяқталды: 1713 жылы.
⑤ 1723 жылы Жоңғария бейбіт қарым-қатынас орнатты: Цинь империясымен.
⑥ Жоңғар шапқыншылығы кезінде Кіші жүз рулары ойысты: Торғайға.
⑦ «Қалмаққырылған» шайқасы өткен жер: Қарасиыр.
⑧ Қалмаққырылған шайқасы кезіндегі қазақ қолының саны: 60 мың.
⑨ Жоңғар шапқыншылығы кезінде қазақ халқының рухын көтерген жеңіс: «Қалмақырылған».
⑩ Аңырақай шайқасында қазақ қолына басшылық жасады: Әбілқайыр.
⑪ Жоңғар шапқыншылығына қарсы күреске (Аңырақай шайқасы) белсене қатысқан сұлтан: Барақ.
⑫ Жоңғар шапқыншылығы кезінде билікке таласып Кіші жүз әскерін бастап Әбілқайыр қайтып оралды: Қазақстанның солтүстік-батысына.
⑬ 1734 жылы Ресей өкіметі Қазақ жеріне ұйымдастырған экспедиция: «Қырғыз-қайсақ».
⑭ 1734 жылғы Ресей өкіметінің қазақ жеріне ұйымдастырған «қырғыз-қайсақ» экспедициясының мақсаты: Қазақ жерінің табиғат байлықтарын игеру.
⑮ Әбілқайыр қайтыс болғаннан кейін Кіші жүздің оңтүстік-шығысы ықпалында болды: Батыр сұлтанның.
⑯ Әбілқайыр қайтыс болғаннан кейін Кіші жүздің солтүстік-батысы ықпалында болды: Нұралы ханның.
⑰ Жоңғария дербес ел ретінде тарихи сахнадан жоғалды: 1758 жылы.
⑱ Петропавл қамалы салынды: 1752 жылы.
⑲ Әмірсана Маньчур әскерімен Жоңғарияға басып кіреді: 1755 жылы.
⑲ Фу Дэ, Чжао Хой бастаған қытай әскері Қазақ жеріне басып кіреді: 1757 жылы.
ІІ-БӨЛІМ.
① Абылай хан Маньчжур-Цинь билеушілерімен келісімге келу арқылы қайтарып алған өңір:Тарбағатай.
② Абылай ірі ұлыстарды билеуге тағайындады: Сұлтандарды.
③ Абылай қызметіне шек қойды: Билердің.
④ Абылай жекпе-жекте өлтірген жоңғар батыры: Шарыш.
⑤ Абылай туралы жазған орыс ғалымы: А.Левшин.
⑥ 1773-1775 жылғы Е.Пугачев бастаған көтерілістің ерекшелігі: Башқұрт, татар, қазақ халқының қатысуы.
⑦ 1773-1775 жылғы Е.Пугачев бастаған көтерілісті қолдаған сұлтандар: Ералы, Досалы, Айшуақ.
⑧ Сырым Датұлы бастаған көтеріліс болған уақыт: XVIII ғасырдың аяғы.
⑨ Кіші жүздегі хандық биліктің әлсірей бастауының көрінісі: Нұралы бастаған сұлтандардың Орынбордан жалақы алып тұруы.
⑩ Сырым Датұлын қолдаған сұлтан: Жантөре.
⑪ Сырым датұлы көтерілісі кезінде Кіші жүзде қатарынан екі хан билік жүргізді: Қаратай, Айшуақ.
⑫ 1797 жылы Кіші жүзде хандық билікті қалпына келтірді.
⑬ XVIII ғасырда Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси өміріне үлкен өзгеріс әкелді:Қазақстанның Ресей ықпалына біртіндеп өтуі.
⑭ XVIII ғасырда қазақ жерін зерттеген ғалымдар: Г.Миллер, П.Рычков.
⑮ «Сібір тарихының атасы» атанған Г.Миллердің еңбегі: «Сібір тарихы».
⑯ XVIII ғасырда зерттеуші И.Г.Андреевтің еңбегі: Орта жүз туралы.
⑰ Қазақстанды зерттеу экспедициясына қатысқан шетел саяхатшылары: И.Фальк, И.Георги.
⑱ XVIII ғасырдағы әдебиеттегі басты тақырып: Қазақ-жоңғар қақтығысы.
⑲ Жауғашар, Бекболат би, Бөгенбай батырларға жыр арнаған: Үмбетей.
⑳ Қалқаман батырдың баласы, атақты жырау: Бұқар жырау.
ІІІ-БӨЛІМ.
① Орта жүздің соңғы ханы: Уәли.
② 1822 жылғы Жарғы бойынша Батыс Сібір генерал-губернаторының алғашқы орталығы болған қала:Тобыл.
③ 1822 жылғы Жарғы бойынша енгізілді: Округтік басқару.
④ ХІХ ғасырдың 40-50 жылдары құрылған округтер: Көкпекті, Алатау.
Ақмола округі құрылды: 1832 жылы.
⑤ 1822 жылғы Жарғы бойынша биліктен шеттетілді: Сұлтандар.
⑥ 1822 жылғы Жарғы бойынша Сібір қазақтарын билеу жүктелді: Шекаралық басқармаға.
⑦ ХІХ ғасырдың 20-жылдардағы реформа артықшылықтарына шек қойды. Ақсүйектердің.
⑧ Кіші жүздің соңғы ханы Шерғазы 1824 жылы лауазымды қызметке тағайыдалды: Шекаралық комиссияға.
⑨ 1822 жылғы Жарғы бойынша қазақтар: Дәстүрлі мемлекеттілігінен айырылды.
ХІХ ғасырдың 20-жылдардағы реформа қолданылды: ХІХ ғасырдың 60-жылдардың ортасына дейін.
⑩ 1804-1815 жылдары Бөкей Ордасы қазақтарынан сатып алған жылқы саны: 48 мың.
⑪ 1812 жылғы Отан соғысында қазақтар шайқасқан құрама: Башқұрт, тептяр.
⑫ 1812 жылы майдан қажетіне Риддер, Зыряновск кеніштері өндірді: Мыс, қорғасын.
⑬ 1812 жылғы Отан соғысы кезінде майданға бір миллион пұт тұз жіберді: Елтон кәсіпорны.
⑭ 1812 жылғы Отан соғысына қазақтар қатысты: Ерікті түрде.
⑮ 1812 жылғы Отан соғысында ерлігі үшін хорунжий атағын алған жауынгерлер: Мұрат Құлшоранұлы, Еріш Азаматұлы.
⑯ 1812 жылғы Отан соғысында ерлікпен шайқасқан жасауыл: Ықсан Әубәкірұлы.
⑰ 1812 жылғы Отан соғысында Лейпциг және Глагоу қалаларына жасаған шабуылға қатысқан жауынгерлер: Жанжігітұлы, Байбатырұлы.
⑱ 1812 жылғы Отан соғысында Кутузовтың қолынан нағрада алған жауынгер: Яков Беляков.
⑲ Кенесары Қасымұлының туған жылы: 1802 жыл.
⑳ Кенесары Қасымұлы қозғалысының мақсатттарының бірі: Округтік билеу арқылы отарлауды тоқтату.
IV-БӨЛІМ.
① Кенесары бастаған көтеріліске қатысты: Қазақ, орыс, өзбек, қырғыз.
② 1838 жылы Кенесарыдан Ақмола бекінісін қорғауған сұлтан: Қоңырқұлжа Құдаймендіұлы.
③ 1845 жылы Кенесары көтерілісі кезінде патша үкіметі бекіністер салды: Ырғыз, Торғай өзендері бойына.
④ 1845 жылы Кенесары бастаған көтерілісшілер басып алған Қоқан хандығының бекінісі: Созақ, Жүлек, Жаңақорған.
⑤ Кенесары басқарғанкөтерілістің соңғы шайқасы өткен жер: Қырғыз жері, Кекілік сеңгір.
⑥ 1847 жылы Қырғыз жеріндегі соңғы шайқаста Кенесарыдан бөлініп кетті: Рүстем сұлтан, Сыпатай би.
⑦ Бөкей Ордасының ханы Жәңгір жас кезінде тәрбиеленді: Астрахан губернаторының үйінде.
⑧ Жәңгір хан меңгерген тілдер: Парсы, орыс, араб.
⑨ Бөкей ордасындағы шұрайлы жерлерді иеленген орыс помещиктері: Юсупов, Безбородко.
⑩ Исатай Тайманұлының серіктері: Сарт Еділұлы, Тінәлі Тайсойғанұлы, Ұса Төлегенұлы, Иманбай Қандыбайұлы.
⑪ Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілісшілердің саны екі мыңға жетті: 1837 жылы қазан айында.
⑫ 1837 жылы қараша айында Исатай Тайманұлы бастаған жазалаушы отрядпен шайқасқан жер:Тастөбе.
⑬ Исатай Тайманұлы бастаған көтерілісшілер Жаманқала бекінісіне жақын жерде Жайықтан шығысқа өтіп үлгерді: 1837 жылғы 13 желтоқсанда.
⑭ Исатай Тайманұлының Кіші жүз жеріне өте тұстас келді: Кенесары Қасымұлы көтерілісімен.
⑮ 1842 жылы Аббас Қошайұлы, Лаубай Мантайұлы бастаған көтеріліс бағытталды: Жәңгір ханға.
⑯ 1836-1838 жылдардағы Бөкей ордасындағы көтерілістің маңызы: Жәңгір сарайының салықты көтеруіне шек қойды, патша үкіметі көтерілісті қолдаған старшындармен санасуға тура келді.
⑰ ХІХ ғасырдың І жартысында Қуаңдария бойына бекініс тұрғызған хандық: Хиуа.
⑱ 1845 жылы Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған қол екі мыңдай хиуалықтарды жеңеді.
⑲ 1856 жылы Жанқожа Нұрмұхамедұлы қоршауға алған порт: Қазалы.
⑳ Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған көтеріліс бағытталды: Хиуа мен Ресейге.
V-БӨЛІМ
① 1857 жылы Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған көтерілісшілер саны жетті:5000 адамға.
② Жанқожа Нұрмұхамедұлы басқарған көтерілісті басу үшін патша үкіметі жібірген отряд басшысы:Майор Фитингоф.
③ 1860 жылы Жанқожа бастаған көтеріліс: Жеңілді.
④ ХІХ ғасырдың ортасындағы Қоқанға қарсы өзінің тегеурінділігі мен ұйымдасуы ірі халықтық қозғалыс: Шымкенттен Мерке мен Пішпекке дейінгі аймақты қамтыған көтеріліс.
⑤ ХІХ ғасырда Орта жүз бен Ұлы жүз жапсарында салынған Ресей бекіністері: Ақтау, Алатау, Қапал, Аякөз,
⑥ 1851 жылы шілденің 7-сінде қоқандықтықтардың бекінісі Таушүбекті алған отряд: Карбышев отряды.
⑦ 1853 жылы Ақмешіт бекінісін басып алды: В.А.Перовский.
⑧ 1855 жылы Верныйға 400 отбасы келіп қоныстанды: Сібірден.
⑨ 1860 жылы 26 тамызда Ресей әскері басып алған бекініс: Тоқмақ.
⑩ 1860 жылы бес күндік қоршаудан кейін құлаған Қоқанның Жетісудағы тірегі болған бекініс:Пішпек.
⑪ 1873 құлаған хандық: Хиуа.
⑫ 1841 жылы Кіші Ордада татарша, орысша мектеп ұйымдастырды: Жәңгір хан.
⑬ 1879 жылы ашылған Азиялық училищеде оқытылған тілдер: Монғол, маньчжур, қытай, парсы.
⑭ Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлына жанашырлық білдірген орыс жазушысы: В.И.Даль.
⑮ А.С.Пушкиннің Орал жерінде болған кезде жазған шығармасы: «Капитан қызы».
⑯ Махамбет Өтемісұлы тәрбиесінде болған Жәңгір ханның ұлы: Зұлқарнай.
⑰ Поручик Аитовқа Есет батырдың қолына түскен орыс солдаттарын азат етуге көмектескен ақын:Махамбет.
⑱ Махамбет, Шернияз ақындар қатысқан көтеріліс: 1836-1838 жылдардағы Ішкі ордадағы көтеріліс.
⑲ 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша қазақ жері бөлінеді: 6 облысқа.
⑳ 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша Сырдария облысының құрамына кірген уездер: Қазалы, Перовск, Түркістан, Шымкент, Ходжент.
VI-БӨЛІМ
① 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша Торғай облысының құрамына кірген уездер: Елек, Ырғыз.
② 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша Ақмола облысының құрамына кірген уездер: Көкшетау, Омбы, Петропавл.
③ 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша Жетісу облысының құрамына кірген уездер:Сергиополь, Қапал, Верный, Ыстықкөл, Тоқмақ.
④ 1867-1868 жылдардағы реформа бойыншаПавлодар уезі кірді: Семей облысына.
⑤ 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша ең төменгі басқару буыны: Ауыл.
⑥ 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша болыс және ауылнайлар іріктелді: Жергілікті ақсүйектерден.
⑦ 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша ауылдық және болыстық старшындарға билік көрінісі ретінде берілді: Қоладан құйылған арнайы белгі және мөр.
⑧ Орал, Торғай облыстарында реформа ауыртпашылығына қарсы күрес болды: 1868-1869 жылдары.
⑨ 1868-1869 жылдардағы Оралдағы көтерілісті басуға жіберген отрят: Рукин басқарған отряд.
⑩ 1868-1869 жылдардағы Орал, Торғайдағы көтеріліске басшылық жасағандар: Ханғали Арсланұлы, Дәуіт Асауұлы, Мұңайтпасұлы, Рысқұлұлы, Досұлы.
⑪ 1870 жылы Маңғыстау түбегінде көтеріліске шыққандар: Адайлықтар.
⑫ 1870 жылы Досан Тәжіұлы, Иса Тіленбайұлы басқарған 200-ге жуық көтерілісшілер жазалаушыларға шабуыл жасады: Бозащы түбегінде.
⑬ 1870 жылы Маңғыстаудағы көтеріліс кезінде «флотилия» құраған көтерілісшілердің саны: Он мың.
⑭ 1870 жылы сәуір айының 5-і күні қазақ шаруалары мен жалдама жұмысшылары шабуыл жасаған форт: Александровск.
⑮ 1870 жылы Маңғыстау көтерілісін басылған соң патша әскері өлкеден кетпеді: Үш ай бойы.
⑯ 1861 жылғы 19 ақпандағы патша үкіметі қабылдаған «Ереже»: Шаруалардың басыбайлылығын жойды.
⑰ 1868 жылы «Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы» Ереже қабылданды: Г.А.Колпаковский ұсынысына сай.
⑱ «Село тұрғындары мен мещандарының қазыналық жерлерге өзі еркімен қоныс аударуы және олардың бұрынғы қоныс аударғандар жағдайын қарастыру» жөнінде заң қабылданды: 1889 жылы 13 шілдеде.
⑲ ХІХ ғасырдың соңында 300-400 жұмысшысы бар ірі кәсіпорындар: Успен кеніші, Қарағанды көмір кеніші, Екібастұз, Риддер және Спасск мыс кәсіпорны.
⑳ ХІХ ғасырда шетелдіктерге сатылған кәсіпорнын: Қарағанды көмір кеніші.
VII-БӨЛІМ
① ХІХ ғасырда АҚШ, Германия, Бельгия, Швеция т.б. өнеркәсіп иелерінің қолына акциясы сатылған кәсіпорын: Спасск мыс кеніші.
② «Орыстың сауда өнеркәсіптік банк» бөлімшелері: Қазақстан қалаларында ашылды: ХХ ғасырдың басында.
③ ХІХ ғасырда Атбасар жерінде жұмыс істеген жәрмеңке: Петровка.
④ ХІХ ғасырдағы Орал облысындағы жәрмеңке: Ойыл.
⑤ ХІХ ғасырдың 50-60 жылдарында Шыңжаңмен саудаға тартылған Жетісудағы қоныстар: Қапал, Верный.
⑥ 1882 жылы Верный көпесі Вали Ахун Юлдашев, инженер Поклевский кеме алдырды: Англиядан.
⑦ ХІХ ғасырдың соңында Қытайдан Қазақстанға әкелінетін негізгі тауар: Шай.
⑧ ХІХ ғасырда Шығыс Түркістан сауда әлеміне белгілі болған қазақ көпестері: Жандыбайұлы, Жетікұлы, Шаянбайұлы, Жақыпұлы.
⑨ 1891 жылы қабылданған «Ереже» бойынша Жетісу облысы кірді: Дала генерал-губернаторлығына.
⑩ ХХ ғасырдың 80-90 жылдарындағы реформа бойынша облыстық орталықтарда құрылды: Полиция басқармалары.
⑪ ХХ ғасырдың 80-90 жылдарындағы реформа бойынша уездік қалаларда құрылды:Полицейлік приставтық.
⑫ Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісу өлкесіне қоныс аудару процесі созылды: 1881 жылдан 1884 жылға дейін.
⑬ Ұйғыр халқының тамаша музыка өнері, әні мен биі жөнінде терең ой-пікірлерін білдірді:Ш.Уәлиханов, Н.М.Пржевальский, В.И.Роборовский.
⑭ «Сібір қырғыздарының облысы» еңбегінің авторы: М.Красовский.
⑮ 1845 жылы ашылған орыс географиялық қоғамының бөлімдері ашылған қалалар: Орынбор, Омбы, Семей.
⑯ Шоқан Уәлихановтың балалық шағы өткен өңірлер: Құсмұрын, Сырымбет.
⑰ Ш.Уәлиханов назар аударған қырғыздардың тамаша шығармасы: «Манас».
⑱ Ш.Уәлиханов қайтыс болды: Тезек төренің ауылы.
⑲ ХІХ ғасырда ақысыз пайдаланатын кітапханалар ашылған қалалар: Торғай, Орынбор.
⑳ 1879 жылы мұғалімдер институты ашылды: Ташкентте.
VIII-БӨЛІМ
①1870 жылғы арнайы ережесі бойынша мешіттердің жанынан ашылған мектептерде оқыту міндетті деп танылды: Орыс тілі.
② ХІХ ғасырда қазақ балалары білім алған Ресей қалалары: Қазан, Томск, Петербург.
③ Ыбырай Алтынсарин Орынбор шекаралық комиссиясы жанындағы мектепті алтын медальмен бітірді: 1857 жылы.
④ Ыбырай Алтынсарин меңгерген тілдер: Орыс, араб, татар, парсы.
⑤ Ыбырай Алтынсарин ұйымдастырған мектептер: Қолөнер, ауылшаруашылық.
⑥ Ыбырай Алтынсаринның оқу құралы: «Қырғыз хрестоматиясы».
⑦ ХІХ ғасырда қазақ өлкесінде қыздарға білім берудің негізін қалады: Ы.Алтынсарин.
⑧ Абай Құнанбайұлының Пушкиннен аударған шығармасы: «Евгений Онегин».
⑨ Тәттімбет Қазанғапұлының күйі: «Саржайлау», «Былқылдақ».
⑩ Құрманғазы Сағырбайұлы туған жер: Жиделі.
⑪ Құрманғазы Сағырбайұлы ұстаздары: Байбақты, Баламайсан, Байжұма.
⑫ Құрманғазы Сағырбайұлы шәкірттері: Дина, Ерғали Есжанұлы, Меңдіғали Сүлейменұлы.
⑬ Дәулеткерей Шығайұлының күйлері: «Желдірме», «Тартыс».
⑭ Біржанның әндері:«Ғашығым», «Айтбай».
⑮ Жаяу Мұсаның туған жері: Баянауыл өңірі.
⑯ Жаяу Мұсаның туған жылы: 1835 жыл.
⑰ Жаяу Мұсан генерал М.Г.Черняевтың отрядында қатысқан жорық: Шымкент, Әулиеата.
⑱ Жаяу Мұса болған шетел: Польша, Латвия.
⑲ Жаяу Мұса болған Ресей қаласы: Қазан.
⑳ Ақан сері өмір сүрген жылдар: 1843-1913 жылдар.
IX-БӨЛІМ
① Жер аударылғандардың бастамасымен ХІХ ғасырдың 80-90 жылдарында кітапханалар ашылған қалалар: Верный, Орал, Омбы, Семей.
② 1905-1907 жылдардағы бірінші орыс революциясы кезінде Успенде құрылған «Капиталға қарсы орыс-қырғыз одағының» белді мүшелері: П.Топорнин, Л.Байшағыров.
③ 1905 жылы 13-желтоқсанда жұмысшылар митингісі өтті: Павлодарда.
④ 1906, 1910 жылдардағы Столыпин аграрлық реформасының сипаты: Аграрлық.
⑤ М.Дулатұлының 1910 жылы Қазанда жарық көрген романы: «Бақытсыз Жамал».
⑥ М.Дулатұлының 1911 жылы Орынборда жарық көрген өлеңдер жинағы:«Оян, қазақ!».
⑦ 1905-1907 жылдардағы революция кезінде ұлт мүддесі үшін күрескен қазақ зиялыларының аса көрнекті өкілі: Ә.Бөкейханов.
⑧ ХХ ғасырдың бас кезінде кітап басып шығару ісін қолға алынған қалалар: Семей, Орал, Омбы, Орынбор.
⑨ ХХ ғасырдың басында қазақ кітаптарын басып шығару ісіне үлес қосқан Ресей қалалары:Петербург, Ташкент, Қазан.
⑩ С.Торайғыровтың шығармалары: «Шәкірт ойы», «Бір адамға», «Адасқан өмір».
⑪ Бейімбет Майлинның шығармасы: «Шұғаның белгісі».
⑫ А.Байтұрсынұлының шығармалары: «Маса», «Қазақ салты», «Қазақ қалпы», «Жиған-терген».
⑬ Ш.Құдайбердіұлы меңгерген тілдер: Араб, парсы, түрік.
⑭ ХХ ғасырдың басында демократияшыл, гуманистік бағыттағы ақын, тарихшы, философ:Ш.Құдайбердіұлы.
⑮ ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі: Мәшһүр Жүсіп Көпеев.
⑯ Патша үкіметінің 1906 жылы қабылданған оқу-ағарту ережелері: Орыс-қазақ мектептері кеңейді.