МЕКТЕП ҰЖЫМЫ ТҰРАҚТЫЛЫҚҚА ДАУЫС БЕРЕДІ!
ҚР Президенттігіне үміткер Қ.Тоқаевты қолдау жөніндегі Кентау қалалық Қоғамдық штабтың өкілдері Б.Самбетов, Қ.Бекметов, М.Садуов, Г.Каримовалар Қарнақ ауылында болды. Қашқари мектебінің еңбек ұжымымен кездесті. Кандидаттың сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, алдағы өзгерістер, мемлекеттік қолдау шаралары және сайлауда жеңіске жеткен жағдайдағы мемлекет басшысының жоспарлары туралы айтып берді. «Әлеуметтік мемлекеттік бағдарламалар еңбек нарығы мүмкіндіктерін кеңейтеді. Әлеуметтік төлем көлемін ұлғайтып, халықтың мұқтаж топтарын қолдаудың жаңа құралы енгізіледі. Жаңа білім мен өнімді еңбек арқылы әр азаматтың басты қажеттілігін қамтамасыз етуге және өмірін жақсартуға көмектесеміз» - деді штаб өкілі Қ.Бекметов. «Әділетті Қазақстанды құрудың негізінде ағартушылық құндылықтар жатыр. Талантты, білімді, отансүйгіш ұрпақ неғұрлым көп болса, әл-ауқатымыз соғұрлым тез артады. Бұл істе педагогтеріміздің рөлі зор» - деген қалалық штаб өкілі Б.Самбетов еліміздің алдағы 7 жылдағы дамуының жалпы жоспары жайлы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұстанымдарын жеткізді. Мектеп ұжымы кандидаттың сенім білдірген өкілдеріне өздерін толғандырған мәселелер туралы айтып, сұрақтарына жауап алды.
#Toqaev2022
#ДауысберToqaev2022
#ГолосуйЗаToqaev2022
Үгіт насихат құралдарымен https://toqaev2022.kz/kk сілтемесі арқылы танысуға болады.