БІЗДІҢ БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ҚАЗАҚСТАНДА ӘДІЛЕТТІЛІК ОРНАТУ! ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау бойынша қалалық Қоғамдық штабының мүшелері Ұ.Мұсаханова, Т.Омаров, Д.Мубаровтар Әл-фараби атындағы №14 мектеп-гимназияның ұстаздары және сайлаушылармен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Сайлауалды бағдарламада қамтылған білім саласына қатысты басымдықтарды талқылады. «Елімізде білім саласына ерекше назар аударылып келеді. Балалардың білім алуына жайлы орта қалыптастырылатын болады. Педагог мәртебесінің артуы осының дәлелі. Жыл сайын мектеп салу құрылысы артады, мектеп жасына дейінгі балалар балабақшамен толық қамтамасыз етіледі. Білім саласына құйылған инвестиция – ең құнды инвестиция» - деп атап өтті Кентау қалалық штаб мүшесі Ұ.Мұсаханова. Сондай-ақ кандидаттың бағдарламасында халықтың тыныс-тіршілігі, еңбегі, денсаулығы, білімі, әл-ауқаты, құқығының қорғалуы басты назарға алынғаны жөнінде толық ақпарат берді. #Toqaev2022 #ДауысберToqaev2022 #ГолосуйЗаToqaev2022 Үгіт насихат құралдарымен https://toqaev2022.kz/kk сілтемесі арқылы танысуға болады.