РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШТАБТЫҢ МҮШЕЛЕРІ КЕНТАУДА ЗАУЫТ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды штабының өкілдері Түркістан облысына сапары барысында «Кентау трансформатор зауыты» АҚ ұжымымен кездесу өткізді.
Басқосуға Халықтық коалиция атынан Президенттікке үміткер Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық штаб мүшелері Перуашев Азат Тұрлыбекұлы, Асылбеков Асхат Зейноллаұлы, Мұқашев Төлеубек Төлеуұлы, Тұрғанов Дүйсенбай Нұрбайұлы, Мәуленқұлов Жеңісбек, Жантөреева Қалыйма Жантөреқызы қатысты. Кездесу кезінде сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарына тоқталды. Еңбек адамының өзекті мәселелері көрсетілгенін тілге тиек етіп, бағдарламаның негізгі бағыттарын атап өтті. Насихатшылар «Әділетті мемлекет – әділетті экономика – әділетті қоғам» қағидатына негізделген Президент реформаларының маңызын кеңінен түсіндіре отырып, жиылғандардың талап-тілектерін тыңдады.
#Toqaev2022
#ДауысберToqaev2022
#ГолосуйЗаToqaev2022
Үгіт насихат құралдарымен https://toqaev2022.kz/kk сілтемесі арқылы танысуға болады.