ҮМІТКЕР Қ.ТОҚАЕВТЫ ҚОЛДАЙМЫЗ! ҚР Президенттігіне үміткер Қ.Тоқаевты қолдау жөніндегі Кентау қалалық Қоғамдық штабтың өкілдері А.Розибаев, Б.Самбетовтер Панфилов көшесінің тұрғындарымен экспромт-кездесу өткізді. «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты Қасым-Жомарт Кемелұлының сайлауалды бағдарламасын таныстырды. «Ауыл шаруашылығы экономиканың жаңа қозғаушы күшіне айналады. Алдағы жылдарда ауыл-аймақты өркендетуге басымдық беріліп, ауылдық жерді жұмыспен жаппай қамту үшін жағдай жасалып, ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік бастамаларын қолдайтын боламыз» - деп штаб мүшесі А.Розибаев сайлауалды бағдарламаның ауыл шаруашылығы бағыттарына тоқталып өтті. Сонымен қатар, сөз алған штаб мүшесі Б.Самбетов «Тұрғындарға жер қолжетімді болады. Ол үшін ірі жер иелерінен пайдаланылмайтын жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жандандырылады» - деп аграрлық сектордағы монополиясыздандыру ашық құқықтық рәсім, салықтық ынталандыру және технологияларды енгізу жұмыстарымен қатар жүретінін түсіндірді. Тұрғындар сайлауда белсенді атсалысатынын жеткізді. #Toqaev2022 #ДауысберToqaev2022 #ГолосуйЗаToqaev2022